Қылмыс

Петропавл - Жезқазған тас жолында жүк көлігінің жүргізушісін тонаған күдіктілер ұсталды

  • © Sputnik / Руслан Кривобок

    © Sputnik / Руслан Кривобок

Петропавл - Жезқазған тас жолында КамАЗ жүргізушісін тонаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


19 сәуірде Арқалық қаласындағы полиция басқармасының кезекші бөліміне 30 жастағы КамАЗ жүргізушісінен арыз түскен. Оның айтуынша, Жарқайың ауданы арқылы өтетін Петропавл - Жезқазған тас жолында бейтаныс азаматтар тоқтатып, тонап кетіпті.


Полицияның мәліметіне сәйкес, күдіктілер жүргізушінің көзін байлап тастаған. Зардап шегуші бірнеше сағат бойы күдіктілермен бір көлікте отырады, тонаушылар машинаны белгісіз бағытта айдаған көрінеді.



Тергеу барысында анылтақғандай, күдіктілер жүк көлігіне тиелген 25 тонна бидайды ұрламақшы болыпты. Көліктің дөңгелегі жарылып, жолда қалып қояды. Ақыры жүргізушіні жіберуге мәжбүр болған.


Содан кейін 30 жастағы көлік иесі Арқалық қаласына барып, полицияға арызданған екен. Ақшасы мен ұялы телефонын тонаушылар ұрлап кетіпті.


Шұғыл іздестіру барысында Қостанай қаласының 25 және 27 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Sputnik 




Көрілген: 650    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.05.2019, 13:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30