Қылмыс

Петропавлда әкімдік қызметкерлері 9 пәтерді заңсыз иемденген

  • Көрнекі сурет.   © Homsters.kz

    Көрнекі сурет. © Homsters.kz

Петропавл қаласында заңсыз иемденіп кеткен 9 пәтер қайтарылды. Осыған қатысы бар әкімдіктің лауазымды тұлғалары сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бұрын Петропавл қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі Б. Өмірсетоваға, мекеменің құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының инспекторы Ж. Есетоваға, сондай-ақ Б. Өмірсетованың жолдасы және Ж. Есетованың бірге тұратын адамына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған болатын», делінген хабарламада.


Ведомствоның хабарлауынша, тергеу барысында күдіктілер мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жататын пәтердерді иеленген. Олар сыбайластарына ресімдей отырып, жаңа тұрғын үйлердегі 9 пәтерді заңсыз алған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 96 млн теңге болды.


«Биыл 17 мамырда Солтүстік Қазақстан облыстық сотының аппеляциалық соты Б. Өмірсетова және Ж. Есетованың мүлкін тәркілей отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Олардың сыбайластары - Б. Өмірсетованың жұбайы мен Ж. Есетованың бірге тұратын адамы да мүлікті тәркілей отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды», делінген хабарламада.


 




Көрілген: 249    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.06.2019, 17:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30