Қылмыс

РФ-да жоғалған автокөліктер Қазақстан-Өзбекстан шекарасында ұсталды

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

Сарыағаш шекара отряды Ресейде жоғалған автокөліктерді Өзбекстанға асырмақшы болған Тәжікстан азаматын қамауға алды.


Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.


«Өткен түнде Сарыағаш шекара отрядының «Қапланбек авто» бөлімшесінде шекарашылардың Өзбекстанға қарай өтпек болған «Тойота Rav 4» автокөлігін тексеруі барысында, оның Ресей Федерациясында іздеуде тұрған автокөлік екендігін анықталды. Жүргізушісі 1976 жылғы Тәжікстан азаматы ұсталып, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Бұл кешкі сағат 21.30-дар шамасында болған оқиға еді. Арада екіжарым сағат өткенде дәл осындай, Өзбекстанға қарай бет алған тағы бір «Тойота Rav 4» автокөлігі тексеру орнына кірді. Бұл да Ресей аумағынан үшті-күйлі жоғалған автокөлік екен. Оның жүргізушісі, 40 жастағы ресейлік те ұсталып полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген хабарламада.


BAQ.KZ


 




Көрілген: 392    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.07.2019, 11:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31