Қылмыс

Рудныйда балалар үйінің қызметкері тәрбиеленуші қызды 2 жыл бойы зорлаған

  • https://www.ekhokavkaza.com/

    https://www.ekhokavkaza.com/

Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Рудныйда балалар үйінің кәмелетке толмаған тәрбиеленушісі екі жыл бойы зорланғанын жазды.

 

Ол ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан Рудныйдағы балалар үйінің қызметкері кәмелетке толмаған тәрбиеленушіні зорлағаны үшін қамауға алынғаны туралы ақпаратты растауын не жоққа шығаруын сұрады.

 

"Бізге жасөспірім қыздың екі жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы ақпарат түсті. Қазір ол зорлаған адамның ДНҚ-сын жинап, зорлау фактісін дәлелдеген. Сонымен қатар сол қызметкерден тағы бір қыздың зардап шеккені белгілі болды. Алайда ол зорлық көрсетуші жазаланбайды деп қорқып отыр. Сондықтан ештеңе айтқысы келмейді", - деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

 

Таңсәрінің сөзінше, күдікті бұрынғы полиция қызметкері болуы мүмкін.

 

Қостанай облысы полиция департаменті тергеу басқармасының өндірісінде балалар үйінің тәрбиеленушісін зорлау бойынша қылмыстық іс жүріп жатқанын айтты.

 

1978 жылы туған ер адам қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Алайда құқық қорғаушылар күдіктінің бұрынғы полиция қызметкері екенін растап не жоққа шығармады.

 

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 1012    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.08.2021, 17:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31