Қылмыс

Семей тұрғындарының атына 19 млн теңгеге несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Семейде өзін ломбард қызметкері ретінде таныстырған әйел қала тұрғындарының атына онлайн несие рәсімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары ірі көлемде алаяқтық жасаған 28 жастағы әйел адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады.

 

«Бұрын сотты болған ол түзелгеннің орнына қайтадан қылмыс жасаған. Тергеушілердің анықтауынша, өзін автоломбард қызметкері ретінде таныстырған әйел кепілдікке қойылған мүлікті төмен бағада сататындығын айтқан. Жәбірленушілердің сеніміне кіріп құжаттарының көшірмелерін алғаннан кейін олардың атынан онлайн несие рәсімдеген. Осылайша алаяқ 12 адамды 19 миллион теңгеге жуық шығынға батырды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

 

Сонымен қатар Өскемен қаласында 18 адамды тұзаққа түсіріп, 9 млн теңгеден астам пайда көрген 41 жастағы ер адам ұсталды.

Ол тұрғындарға әлеуметтік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесетіндігін айтып, алдаған.

 




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.06.2020, 17:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31