Қылмыс

Шу қаласының тұрғынынан 3 000 доза есірткі тәркіленді

  • Шу қаласының тұрғынынан 3 000 доза есірткі тәркіленді

    Шу қаласының тұрғынынан 3 000 доза есірткі тәркіленді

Жамбылдық полицейлер есірткі сатушыдан үш мыңға жуық гашиш дозасын тәркіледі,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қайнар-Қордай» автожолында Chevrolet маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлікті тінту кезінде жолаушы, Шу қаласының 44 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы екі келі 965 грамм «гашиш» есірткі заты табылды, тәркіленген есірткі затының салмағы 3 000 дозаны құрайды. Қара нарықта мұндай есірткінің құны шамамен 1,5 миллион теңгеге айналады.

«Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.




Көрілген: 535    Пікірлер: 0

жұма, 16.07.2021, 10:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30