Қылмыс

Шымкентте 17 жастағы студент төбелестен қайтыс болды

  • Әлеуметтік желілерден алынған сурет

    Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Шымкентте төбелестен 17 жастағы жігіт қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Өкінішке қарай, 1 маусымда сағат 23.45-те жігіт қайтыс болды. Комада жатты, жағдайы ауыр болды. Есін жимастан көз жұмды", - деді Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

Еске салайық, қайтыс болған жігіттің туыстары оны белгісіз біреулердің 22 мамырда аяусыз ұрып-соққанын айтқан еді. Студент достарымен кездесемін деп кеткен, содан көшеде бір топ жігітті кездестіріп, салдарынан төбелес шыққан.

 

"Құлағы мен басынан қан кетт, саусақтарында тырнағы қалмаған. Аяусыз ұрып-соққан. Менің інім спортшы болатын. Оны 7-8 адам ұрған. Бірақ негізі одан да көп адам төбелесті. Осы іс бойынша 15 адам сот алдына келеді. Олардың төртеуі қамауға алынды дейді. Бірақ мен барлығының жауапкершілікке тартылғанын қалаймын. Жай сол жерде тұрып, төбелескендерді ажыратпағандардың да жауапкершілікке тартылғанын қалаймын", - деген еді бауырларының бірі.

 




Көрілген: 382    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.06.2020, 11:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31