Қылмыс

Шымкентте Jýsan Bank бөлімшесіне шабуыл жасалды

  • © Photo : пресс-служба Jýsan Bank

    © Photo : пресс-служба Jýsan Bank

Шымкент қаласында Jýsan Bank бөлімшесіне қарулы шабуыл жасалды. Тонаушыны банктің қауіпсіздік бөлімінің қызметкері ұстады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

 

Банк қызметкерлері мен клиенттері арасында зардап шеккендер жоқ.

 

Мангельдин көшесі, 43/1 мекенжайында орналасқан Jýsan Bank-тің №112 бөлімшесінде 1971 жылы туған ер адам ұсталған, ол оқу-жаттығу гранатасымен қорқытып, кассадағы қолма-қол ақшаны алып кетпек болған, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

 

Jýsan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып бұл жағдай Jýsan Bank-тің қызметкерлерінің дайындығы пен кәсіби біліктілігі жоғары екенін тағы бір рет дәлелдегенін атап өтті

 

"Біздің клиенттеріміз Jýsan Bank-тің бөлімшелерінде қажетті банк қызметтерін қауіпсіз түрде қолдана алады. Осындай күрделі уақытта біз қауіпсіздік шараларын күшейттік және бәріне дайынбыз", – деді ол.

 

 




Көрілген: 127    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.03.2020, 10:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31