Қылмыс

Шымкентте екі баланың анасын ұрып-соғып, зорлап кеткен күдіктілердің бірі ұсталды

  • http://ernur.kz/

    http://ernur.kz/

Шымкентте екі баланың анасын өлімші етіп ұрып, зорлап кеткен күдіктілердің бірі ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 48 жастағы күдіктіні қолға түсірген. Оның жергілікті тұрғын екені анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

«26 мамыр күні 39 жастағы жергілікті тұрғынның дене жарақатын алу фактісі бойынша ҚР ҚК 107-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиға орнында жедел тергеу тобы барлық қажетті іс-шараларды өткізіп, қылмыс жасауға қатысы бар адамды анықтады. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Тағайындалған сараптамалардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу барысы прокуратура мен полиция департаменті басшысының бақылауында» делінген хабарламада.

 

Сондай-ақ, полиция департаменті басшылығының бастамасымен жәбірленушіге психологиялық көмек көрсету мақсатында маман Айгүл Рахметова мен ҚР Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбекпен кездесу ұйымдастырылған.

 

Айта кетейік, бұған дейін 39 жастағы әйелді белгісіз біреулер көшеде кетіп бара жатқан жерінен өлімші етіп сабап, зорлап кеткенін хабарлаған болатынбыз.

 

Әйелді жәбірлегендер тіпті оның басынан целофан пакет кигізіп, тұншықтырып өлтірмек болған. Тістерін түк қалдырмай сындырып, жағын үш жерден сындырған еді. Миы қатты шайқалып, есінен танып қалған әйелді қылмыскерлер өлді деп санап, денесін бұтақпен жауып кеткен. Алайда сау тамтығы қалмаған әйел есін жинап, әрең дегенде үйіне жеткен.

 

Кейіннен бұл істі қалалық полиция департаментінің бастығы өз бақылауына алғаны белгілі.

 




Көрілген: 499    Пікірлер: 0

жұма, 12.06.2020, 14:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31