Қылмыс

Шымкентте жасөспірім сыныптасының әкесін өлтірді деген күдікке ілінді

  • Шымкентте жасөспірім сыныптасының әкесін өлтірді деген күдікке ілінді

    Шымкентте жасөспірім сыныптасының әкесін өлтірді деген күдікке ілінді

Шымкентте 15 жастағы жасөспірім сыныптасының әкесін өлтірді деген күдікке ілінді. Ер адам өз үйінен 150 метр қашықтықта таспен ұрып өлтірілген деген болжам бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қайтыс болған адамның туыстарының пікірінше, жасөспірімнің өлтіруіне екеуінің арасындағы көптен бере келе жатқан дұшпандық себеп болуы мүмкін: ер адам қызын жасөспірімнің шабуылынан қорғап, оған бірнеше рет ұрысқан.


Ер адам небәрі 42 жаста болған. Әпкесінің айтуынша, денесінде тірі орын қалмаған.

"Денесі толық қанға боялған, беті сынған, бәрі сынған. Білмеймін, айта алмаймын ... таспен ұрды дейді, оның қабырғалары да сынған. Сараптама растады", - деді Севда Идрисова.
Қайтыс болған ер адамның қызы күдіктімен бір сыныпта оқиды. Қыз сыныптасының әрқашан қатал болғанын және ашуланып жүретінін айтады. Оның өзі бірнеше рет жылап келіп, әкесіне шағымданған.

"1-сыныптан 4-сыныпқа дейін бір партада отырдық. Екеуміз үнемі жанжалдасып жүретін едік: мені ұратын, шашымнан тартып, аяғымнан шалып құлататын. Ол осы уақытқа дейін солай істеп келді. Мен де үнемі әкеме айтатынмын. Әкем оған ескертті", - деді қайтыс болған адамның қызы (аты-жөні көрсетілмеген - еск.).
Қайтыс болған адамның туыстары бұл өлтіруге себеп болды деп күдіктенеді. Сол қайғылы кеште күдікті мен оның достары өлтірілген үйдің жанында жүрген. Олардың қолында таяқ болған. Ер адамның денесі табылғаннан кейін полиция сол жерге дәл осы жігітті алып келген.

Жасөспірім оқыған мектептегілер жағдайға араласпауды жөн көрді.

"Бізге ата-аналар тарапынан да, оқушылар тарапынан да шағым түскен жоқ. Орташа үлгерімі бар қарапайым бала", - деп түсіндірді мектепте.
Полициядағылар да ауыр қылмыс туралы пікір білдірмеді. Олар қандай бап бойынша айып тағылғанын және қанша күдікті бар екенін де айтпады. Тек 15 жастағы мектеп оқушысы изоляторда екені белгілі.




Көрілген: 467    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.02.2021, 08:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30