Қылмыс

Шымкентте құмар ойындарын ұйымдастырды деп айыпталған түрме басшысы ақталып шықты

  • © astanatv.kz

    © astanatv.kz

Шымкенттегі ИЧ 167\3 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысы сотта ақталып шықты. Ол қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деп айыпталған болатын.


Сот барысында Айтжан Бәкіров түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің құмар ойындарымен ойнауға жол бергені айтылды. Тіпті, тергеу деректерінде оның осы үшін сыйақы алғаны да жария болды. Алайда судья оның қанша ақша алғаны дәлелденген жоқ деп отыр.


Мұндай әрекеті үшін Заңға сәйкес айыпталушы екі жылға жаза арқалуы тиіс. Бірақ тергеу ісінің созылуына орай сотталушы жазадан тыс қалып отыр.


Әбинұр ҚАРАБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУАДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:


- Жауаптылыққа тарту мерзімі ескіргеннен кейін ол жауаптылықтан босатылған. 361 бабының 1 бөлігі ол онша ауыр емес қылмыс санатына жатады. Оның ескіру мерзімі екі жыл. Ал бұл қылмыс 2013-2014 те жасалғандықтан ескіру мерзімі өтіп кеткен. Сол үшін ол босатылған жауаптылықтан.


«Күдіктіге оқу-жаттығуға арналған оқ-дәрілерді жымқыруына жол берген», «қылмыскерлерге көмектескен» деген сынды тағы алты баппен айып тағылған. Алайда олар сотта өз дәлелін таппапты.


Айта кетейік, бұл уақытта үй қамақта отырған экс-басшыға прокурор 15 жыл жаза сұраған еді.


Еске салайық, аталған түрмеде сотталғандар 2013-2014 жылдары заңсыз ойын көрігін қыздырып келген. Түрмедегі казинодан түскен табыс арнайы қылмыстық топқа аударылып отырғаны белгілі болған еді.


Ал бұған дейін түзеу мекемесінің бірнеше өкілі жаза арқалады.


astanatv.kz


 




Көрілген: 521    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.04.2019, 09:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30