Қылмыс

Шымкентте медбикені зорлау ісі: дәрігерге қатысты сот үкімі шықты

  • Көрнекі фото. © faperoni.com

    Көрнекі фото. © faperoni.com

Шымкентте медбикені зорлаған дәрігерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомство мәліметінше, Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 9 маусымдағы қаулысымен Н.-ға қатысты Әл-Фараби аудандық сотының 2019 жылғы 21 қазандағы ақтау үкімінің күші жойылып, жаңа айыптау үкімі шығарылды.

 

"Жаңа айыптау үкімімен Н.-ға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 120-бабының 1-бөлігімен 2 (екі) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ал ҚК-нің 121-бабының 1-бөлігімен 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігін басшылыққа алып, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстыру арқылы Н.-ға 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген үкімде.

 

Н.-ға қатысты қолданылған "ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылып, ол сот залынан дереу қамауға алынды дейді соттағылар.

 

Сонымен қатар, моральдық зиянды өтеу туралы жәбірленушінің қойып отырған азаматтық талап қою арызы сот алқасымен ішінара қанағаттандырылып, жәбірленушінің пайдасына сотталған Н.-дан 1 000 000 (бір миллион) теңге өндірілгені айтылады.

 

Апелляциялық үкім оның толық мәтіні жария етілген күні, яғни 2020 жылғы 9 маусымда заңды күшіне енді.

 

Еске салайық, былтыр Шымкентте жұмыс орнында медбикені зорлады деп айыпталған дәрігердің ақталып шыққаны хабарланған болатын. Бұл оқиға өткен жылы 16 сәуірде облыстық клиникалық ауруханада болған. Олар әріптес болған, бір кабинетте жұмыс істеген.

 




Көрілген: 308    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.06.2020, 11:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31