Қылмыс

Шымкентте полиция басшылары қылмыстық топ құрған

  • Көрнекі сурет.  ©24.kz/

    Көрнекі сурет. ©24.kz/

Шымкентте бұрынғы полиция қызметкерлері әртүрлі мерзімге сотталды. Бір жарым жылға созылған сот отырысына бүгін нүкте қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Сотта қылмыстық топ ұйымдастырды деп айыпталған Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Әкімшілік полициясы емтихан-тіркеу басқармасының бұрынғы бастығы Артық Жаппаров 11 жылға бас бостандығынан айырылды.


Тағы алты полицей 10 жылдан жаза арқалады.


Өзге айыпталушыларға 8 жыл, 6 жылдан жаза тағайындалды.


Тағы 23 адамға әртүрлі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы белгіленіп, олар сот залынан босатылды. Оның бесеуі - бұрынғы полицейлер.


Сотталушылардың шенін алып қойды, сондай-ақ олар мемлекеттік қызмет пен ішкі істер органдарында жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.


Босатылғандардың барлығынан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.


Қылмыстық кодекстің 218-бабы бойынша тағылған айып дәлелденбегені үшін сотталғандар бұл бап бойынша ақталды. Ал ҚР ҚК 369-бабының мерзімі өткен үшін қысқартылды.


 




Көрілген: 1297    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.11.2019, 15:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31