Қылмыс

Тәжік азаматының арызынан кейін Сарыағаш тұрғыны төрт жарым жылға сотталды

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Тәжікстан азаматтарын алдап кеткен Сарыағаш ауданының тұрғыны төрт жарым жылға түрмеге тоғытылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан AstanaTV арнасына сілтеме жасап.   

 

Былтыр күзде Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне Тәжікстан Республикасының бір топ азаматтары арызданған. Олар карантин күшейтілген кезде "Қапланбек" шекара бекетіне жақын үйдің иесімен келісіп, ауласына 9 автокөлікті қалдырып кеткен. Ал бір айда кейін қайтып барғанда үй иесін де, көліктерін де таппай қалды. Сөйтсе, Сарыағаш ауданының 31 жастағы тұрғыны көлік құралдарын сатып, 11 миллион теңгеге байыған.

 

"Тергеу барысында тергеушілердің анықтағанындай 31 жастағы тұрғын шетел азаматтарының көліктерінің алтауын Шымкент қаласындағы базарлардың бірінде сатып жіберген. Ал қалған үшеуін Сарыағаш ауданында бөлшектеп сатып жіберген. Заңды иелеріне автокөліктер қайтарылды", &ndash дейді Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

 

Пысықай "кәсіпкер" көліктерді сатқаннан кейін туысының үйінде жасырынып жүрген. Бірақ полицейлер оны тауып алды. Оның бұған дейін алаяқтық әрекеті үшін сотталғаны белгілі болды. Енді сот үкімімен тағы түрмеге тоғытылды. Бұл жолы ол төрт жарым жылын түзеу мекемесінде өткізеді.

 

 

 

 




Көрілген: 538    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 13:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30