Қылмыс

Танымал блогерден курс сатып алған қазақстандықтар полицияға арызданды

  • Танымал блогерден курс сатып алған қазақстандықтар полицияға арызданды

    Танымал блогерден курс сатып алған қазақстандықтар полицияға арызданды

Алматы полициясы әлеуметтік желіде Super.mamаsita лақап атымен танымал қазақстандық блогер Әлия Байтұғаеваның қызметін тексеруді бастайды. Бұған азаматтардан келіп түскен өтініштер себеп болды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов Facebook-те жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әбдірахмановтың ақпараты бойынша, Instagram-да ұйымдастырылған ақылы оқыту курстарын сатып алғандардар өтініштер келіп түскен. Полицияға жүгінгендердің арасында қазақстандықтар ғана емес, ТМД-ның басқа елдерінің тұрғындары да бар. Азаматтар 2021 жылдың 23 шілдесінен бастап арызданған.

 
"Қоғам пікірін талдау блогердің қатысуымен туындаған проблеманы көрсетті, ол өзінің Instagram парақшасы арқылы ақшалай сыйақы үшін оқыту курстарын ұйымдастырған, бірақ оқырмандарының үмітін ақтамаған. (...) Барлық арызданушылардың өтініштері тіркеледі, олардың әрқайсысы бойынша егжей - тегжейлі тексеру жүргізіледі, Мемлекеттік кірістер департаментінің арналары бойынша тиісінше осындай кәсіпкерлік қызметпен айналысудың және салық салудың заңдылығын белгілейміз, содан кейін блогердің іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, одан әрі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады", - деп түйіндеді Рустам Әбдірахманов.




Көрілген: 430    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.07.2021, 16:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30