Қылмыс

Танымал ғылыми орталықтың директорына сот үкім шықты

  • © Sputnik / Айсулу Жумагулова

    © Sputnik / Айсулу Жумагулова

Ақмола облысындағы Ақкөл аудандық сотының үкімімен Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Кенже Абдуллаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

 

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаровтың айтуынша, осы іске қатысы бар деген күдікпен ұсталған тағы бірнеше адам сотталды. Олар:

 

"Монолит-1" ЖШС директоры С. Сұлутаева - 8 жылға;

 

Орталықтың мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Е. Қосақова - 8 жылға;

 

Орталық кадрлар бөлімінің маманы И. Копервас - 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 

 

"Аталған тұлғалардың барлығы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, орташа қауіпсіз түзеу мекемелерінде жазасын өтеуге сотталған", - деді Бекайдаров онлайн брифингте.

 

Сотталғандар 2018-2020 жылдар аралығында өздеріне бағынышты компаниялар арқылы ақша жымқырған. Атап айтқанда, жұмыстар мен қызметтерді іс жүзінде орындамай, келісімшарттарды рәсімдеген. Кәсіпорын ғимараттарын ағымдағы жөндеу жұмыстары да тура сондай әдіспен орындалған. Осылайша мемлекетке 190 миллион теңгеден астам материалдық залал келген.

 

Айта кетері, өткен жылы шілденің соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директорына қарсы қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеді. Сол кезде оған нақты орындалмаған жұмыс үшін қызметтерді жеткізушіге ақша аудару арқылы 5,3 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 766    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 18:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31