Қылмыс

Теміртауда аулада ұрсысып қалған балалардың әкелері атыс шығарды

  • Теміртауда аулада ұрсысып қалған балалардың әкелері атыс шығарды

    Теміртауда аулада ұрсысып қалған балалардың әкелері атыс шығарды

Теміртау қаласында көршілердің арасында жанжал шығып, олардың бірі мылтық атқан. Абырой болғанда қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жанжал 8 мамыр сағат 20:42 шамасында Теміртау қаласындағы 8-ші шағынауданының ауласында болған. Ұрыс аулада ойнап жүрген балалардың төбелесінен туған. Оларды ажырату үшін үйлерінен әкелері шыққан. Алайда, өзара келісе алмаған ересектердің арасында да жанжал туындаған.

 
"Мән-жайды анықтау барысында балалардың бірінің 43 жастағы әкесі 32 жастағы қарсыласын бетінен ұрғаны, содан кейін екіншісі үйден мылтық алып, екі рет ауаға оқ атып, қашып кеткені анықталды. Атыс кезінде зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жасырынған адамды ұстау үшін облыстың ішкі істер органдарының жеке құрамы бағытталған. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.




Көрілген: 755    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.05.2021, 12:43

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30