Қылмыс

Түркістан облысында жылқы ұрлаған әйел ұсталды

  • Түркістан облысында жылқы ұрлаған әйел ұсталды

    Түркістан облысында жылқы ұрлаған әйел ұсталды

Түркістан облысында полицейлер жылқы ұрлаған әйелді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын жайылымда жүрген құны 800 мың теңге болатын биесін белгісіз біреулердің ұрлап кеткенін көрсеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. 

Мал ұрлығын ашу мақсатында Түлкібас АПБ-ның аса тәжірибелі полицейлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Олар учаскелік инспекторлармен бірге жақын маңдағы барлық жайылымдар мен шаруашылық аулаларды аралап, куәгерлерден сұрастырып, үй малын тасымалдайтын автокөліктерді мұқият тексеріп, барымташыларды іздестіру және ұстау бойынша басқа да іс-шараларды жүзеге асырды. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түлкібас АПБ полиция қызметкерлері орта жастағы күдікті әйелді анықтап бөлімшеге жеткізді. Күдікті мал ұрлығын пайдакүнемдік мақсатта жасағанын мойындады. 

Белгілі болғандай күдікті әйел жайылымда жалғыз жүрген жылқыны ұрлап, қылмыс орнынан қашып кеткен. Содан кейін ол ұрланған малды 350 мың теңгеге сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Ұрланған жылқыны тәртіп сақшылары тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. 

Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қолхатта. Полицейлер оқиғаның мән-жайын және мал ұрлығының басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр. 




Көрілген: 911    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.05.2021, 16:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31