Қылмыс

Түркістан облысында вакцинаның жалған құжатын жасаған күдікті ұсталды

  • Фото:elements.envato.com

    Фото:elements.envato.com

Түркістан облысының полицейлері жалған вакцина құжатын жасап берген аурухана қызметкерін анықтады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қазығұрт ауданы полиция бөліміне Атырау облысы Құрманғазы аудандық полиция бөлімінен қатынас хат келген. Онда Қазығұрт ауданында Атырау облысының тұрғыны вакцинаның жалған құжатын жасатқандығы көрсетілген.

 

Тәртіп сақшыларының тарапынан жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қызметтік мүмкіндігін негізсіз пайдалану арқылы төлқұжаттарды қолдан жасаумен және өткізумен айналысқан Қазығұрт аудандық ауруханасының қызметкері анықталды.

 

Полицейлер аталған жайтты ҚК 385-бабы, яғни «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарына кірісті.

 

Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

 

 

 

 

 




Көрілген: 494    Пікірлер: 0

жұма, 12.11.2021, 10:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31