Қылмыс

Түркістанда бес адамның өліміне себепкер жүргізуші 5 жылға сотталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Түркістан облысында жол апатын жасап, 5 адамның өліміне себепкер болған жүргізуші сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазығұрт аудандық сотының үкімімен айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 7 жылға көлік тізгіндеу құқығы шектелді.

«Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ, сотталушы тарапынан сот сараптамаларын жүргізуге жұмсалған 148 816 теңге және жәбірленушілерге материалдық және моральдық шығындар өндірілсін», - деді сотта судья Ильяс Тоғызбаев.

Айта кетейік, аталған жол апаты өткен жылдың 16 шілдесінде Алматы-Термез тасжолының 781-шақырымында болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 1 адам дене жарақатын алды.

Артынша жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен іс қозғалды. Сот барысында жүргізуш өзінің кінәсін мойындамағанымен, сот оны ақтау туралы ұсынысты қанағаттандырусыз қалдырды.

Ал, КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

 




Көрілген: 126    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.01.2020, 20:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31