Қылмыс

Түркістанда қонаққа келген әйел құрбысын тонап кеткен

  • http://kabar.kg/

    http://kabar.kg/

Түркістан облысының полицейлері құрбысының мүлкіне қол сұққан күдікті әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын әйел арызданып келеді.

 

Оның айтуынша үйіне келген танысы жатын бөлмесінде тұрған екі ұялы телефонын сондай-ақ 130 мың теңге ақшасын және басқа да заттарын жасырын түрде жымқырып кеткенін көрсеткен.

 

Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 400 мың теңге.

 

Аталған жайтты Түлкібас ауданы ПБ қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде сарыағаштық полицейлер ақпарат көздері арқылы тәулік ішінде күдікті әйелді анықтап, бөлімшеге жеткізді.

 

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті әйел жәбірленушінің құрбысы, жергілікті тұрғын болып шықты.

 

Жәбірленуші құрбысын үйіне қонаққа шақырған. Содан тәртіп сақшылары екі достың спирттік ішімдік ішкендерін анықтады. Құрбысының сыртқа шығып кеткенін пайдаланып, күдікті әйел ойлаған арам ойын жүзеге асырған.

 

Күдікті деп танылған егде жастағы әйел өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда ұрланған заттар толықтай заңды иесіне қайтарылды.

 

Бүгінгі таңда күдікті әйелге қатысты тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ұялы телефондарыңызға, әмияндарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді.

 

Қалта ұрыларының көзіне түспес үшін бағалы заттарыңызды көрсетпей, аузы жабық сөмке ішіне салып қойыңыздар деп кеңес береді.

 

Сондықтан полицейлер жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді.

 

Мүліктің кез-келген түріне қырағылықпен және жауапкершілікпен қарағанда ғана, мұндай жағдайларды азайтуға болады.

 

 




Көрілген: 889    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.04.2021, 12:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31