Қылмыс

Үш жасар қызды өлтірді деп күдікке ілінген азаматқа қандай жаза қолданылады

  • Үш жасар қызды өлтірді деп күдікке ілінген азаматқа қандай жаза қолданылады

    Үш жасар қызды өлтірді деп күдікке ілінген азаматқа қандай жаза қолданылады



Шымкентте иесіз қалған гараждың жанынан үш жасар қыздың денесі табылды. Сараптама қорытындысынан, оның биіктіктен құлап, құсығына қақалып қайтыс болғаны белгілі болды. Алайда, марқұмның ата-анасы, туысқандары қызды біреудің зорлап кеткеніне сенімді. Қызды зорлады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қаладағы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 



Полиция департаментінің хабарламасында сол күні кішкентай қыздың жанында көршісі болғаны жазылған. Ер адам үш жасар баланың талып қалғанын көргенде қорқып, оны далада тастап, қашып кеткен. Сәйкесінше көмек көрсетілмегеннен кейін Кәусар есімді бүлдіршін есін жимастан дүниеден озды. Оның денесін туысқандары иесіз қалған гараждың жанынан тауып алды. Баланың ата-анасы, жақындары Кәусарды біреу зорлап кетті деп ойлайды. Олар мұндай шешімге марқұмның бұтында іш киімі болмағанын және беті көгеріп кеткенін ескеріп, келген еді. Алайда, сараптама қорытындысы қайғыдан қан жұтқан ата-ананың болжамын жоққа шығарды.


Қайғылы күні Кәусардың қасында болған күдікті ҚР ҚК-нің 119 бабы, үшінші бөлігі (Көмексiз қалдырылған адамның абайсызда өліміне әкеп соққан іс-әрекет ) бойынша тұтқындалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, бұл іс қаладағы полиция департаментінің және прокуратураның қадағалауына алынды. Қамауға алынған адамның бас бостандығы үш жылға шектелуі мүмкін. Ол үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін деген болжам да бар.  


 



 

 




Көрілген: 396    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.07.2019, 01:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31