Қылмыс

"Зорладың" деп айып тағамын: атыраулық қыз 18 жастағы жігіттен 2 миллион теңге бопсалаған

  • "Зорладың" деп айып тағамын: атыраулық қыз 18 жастағы жігіттен 2 миллион теңге бопсалаған

Атырауда 21 жастағы қыз "зорладың" деп айып тағамын деп шымкенттіктен екі миллион теңге ақша бопсалаған, - деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жағдай бірнеше рет қайталанған. Қыз бірінші рет ер адамнан екі миллион теңге алған, кейін тағы 1 540 000 теңге сомасында ақша талап еткен.

 
Басылым мәліметінше, 18 жастағы жігіт полицияға хабарласып, мән-жайды түсіндіріп, көмек сұраған. Оның айтуынша, қыз ер адамды "Зорлау" дерегі бойынша үстіңнен іс қозғатамын деп қорқытқан. Алайда ер адам жыныстық қарым-қатынас екі жақты келісіммен болғанын айтқан.

Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іс-шара кезінде күдіктіні жігіттен 500 000 теңге көлемінде ақша алып жатқан кезінде ұстады. Тексеру кезінде қыз деструктивті діни ағым өкілі екені анықталды.

Қазіргі уақытта 21 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР ҚК-ның 194-бабы 1-бөлігімен ("Қорқытып алу") соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, ақша бопсалаған қыздың басқа да осыған ұқсас деректерге қатыстылығы тексеріліп жатыр.




Көрілген: 1596    Пікірлер: 0

жұма, 23.07.2021, 10:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30