Алматы әуежайында әуе рейстерінің кешіктірілуін Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі интернет жұмысындағы ақаулармен түсіндірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.
«Air Astana бүгін шамамен 4.00-де Алматы әуежайында және ішінара Атырау әуежайында интернет-байланыстың жұмысында кдірістер болғанын хабарлады. Соған байланысты рейстерге тіркеу қолмен жасалды, бұл өз кезегінде Алматыдан шығатын таңертеңгілік рейстердің 1,5 сағатқа кешігуіне алып келді», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, интернет байланыс 8.40-та қалпына келтірілген.
«Қазіргі таңда авиатасымалдаушы рейстердің кестесін ақырындап қалпына келтіріп жатыр», - делінген хабарда.