Желіде Тоқаевтың атынан студенттерге суши дүкендеріне сертификаттар беріледі деген хабарлама тарап жатыр

28 қыркүйек 2022, 17:21

Қазнетте Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter-дегі ресми парақшасынан алынған скриншоттар жарияланды. Онда Президенттің атынан студенттерге пиццерия мен суши дүкендеріне және т.б. сертификаттар беріледі делінген. Бұл – фейк, - деп хабарлайды Alashainasy.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Скриншоттар графикалық редакторларда өңдеу арқылы жасалған. Олардың кейбірі бастапқыда Instagram-да @QazNews24 сатиралық аккаунтында жарияланып, кейін басқа пайдаланушылар арасында тарады.

 

 

Мемлекет басшысының ресми парақшаларында мұндай хабарламалар жоқ.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми аккаунттары Twitter және Instagram әлеуметтік желілерінде бар.

 

Сондай-ақ Президенттің қызметі туралы өзекті ақпаратты Ақорда парақшаларынан алуға болады.