ҚазҰУ Қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады

ҚазҰУ Қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2023-2024 оқу жылына талапкерлердің құжаттарын қабылдау басталды.
Қабылдау комиссиясы жұмысының салтанатты ашылу рәсіміне Басқарма мүшесі - Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ляззат Еркінбаева қатысып, оқуға түсушілерге сәттілік тіледі.
«Биыл елімізде 172 мың түлек 11 сынып бітірді. Оның 6 мың 800-і «Алтын белгі» үміткерлері. Сонымен қатар биыл және өткен жылдары колледж бен мектеп бітіргендер және шетелдік мектептерде білім алғандар да оқуға тапсыратын болады. Бір қуантарлығы соңғы жылдары ҚазҰУ-да білім алғысы келетін шетелдік азаматтардың қатары көбейіп келеді.

 


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті барлық талапкерлерді қабылдауға дайын. Қабылдау комисиясы бүгіннен бастап реcми түрде өз жұмысын бастайды. «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында комиссия жұмысына барлық жағдай жасалған. Құжат тапсыруға келген талапкерлер үшін, ата-аналар үшін де барлығы жан-жақты қарастырылған. Мектеп түлектерінің көпшілігі біздің университетімізді таңдайды деп сенім білдіремін», - деді проректор.
Қабылдау комиссиясы таңертеңгі 9:00-ден бастап, кешкі 18:30-ға дейін жұмыс істейді. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Наталья Емның айтуынша, құжаттарды қабылдау комиссиясы сенбі күні де жұмыс істейтінін жеткізді.
«Комиссия құрамына факультеттердің арнайы мамандары, тәжірибелі оқытушылар және декан орынбасарлары енгізілген. Олар кәсіби бағыт-бағдар, кеңес беру және бакалавр, магистратура, докторантура, постдокторантура бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Комиссия мүшелері талапкерлерге онлайн және офлайн форматта сапалы әрі жедел қызмет көрсетеді. Сондай-ақ электронды кезек жүйесі іске қосылған», - деді Наталья Ем.
ҚазҰУ осы жылы келесі санаттағы азаматтар үшін бұрын-соңды болмаған 10% жеңілдікті ұсынып отыр. Атап айтқанда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы ҚР азаматтарына, толық емес және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға. Сонымен қатар биылғы жылы әскери борышын өтеген азаматтар Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпей-ақ жоғары оқу орындарына ақылы негізде қабылданады.
Талапкерлер университеттегі мамандықтар туралы толық ақпаратты welcome.kaznu.kz сайтынан таба алады. Сондай-ақ ең қажетті әрі маңызды ақпараттар универсиеттің ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында күнделікті жарияланып отырады.
Қабылдау комиссиясы ҚазҰУ қалашығында орналасқан «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында құжаттарды қабылдайды. Мекен-жайы: Әл-Фараби даңғылы 71/21.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
Баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста