Жұлдызды жаңалықтар

"Ажырастым деген сөзден аулақпын": Гаухар Әлімбекова күйеуі жайлы айтып берді

  • "Ажырастым деген сөзден аулақпын": Гаухар Әлімбекова күйеуі жайлы айтып берді



Гаухар Әлімбекова күйеуі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.


Басынан дау арылмаған Гаухар Әлімбекова бостандыққа шығып, арқасынан жеңіл жүк түскендей болды. Берген сұхбаттарының бірінде өнер иесі тұрмысқа шыққанмын деп айтып қалған. Белгілі әнші күйеуімен ажырасып кеткен көрінеді.


"Айырылысып кетті дегенді адамдар жаман жаққа бұрып, бұрмалап тұрады. Әр адамның тағдыры әртүрлі. Екеуіміз екі жаққа кетіп қалдық. Бірақ, мен айырылыстым, ажырастым деген сөзден аулақпын", - дейді Гаухар Әлімбекова.


Күйеуі екеуінің жолдары екіге айырылса да, әншінің жарына деген сезімі адал сияқты. Гаухар Әлімбекова күйеуімен қалай танысқанын да жасырмады.


"Біз бес жыл бұрын танысқанбыз. Жиын-тойда көп жүреміз ғой. Ойламаған жерден "Алма-Арасан" жақта тауда дастархан басында отырып танысқанбыз. Кейін әзіл-қалжыңымыз жарасып кетті. Мен адамды тексеру үшін бірінші әзілдеп сынаймын ", - дейді Гаухар Әлімбекова.


 



 

 




Көрілген: 1804    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.05.2019, 19:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31