Жұлдызды жаңалықтар

«Ақшаларыңды алып кел...»: Ахметбек Нұрсила Әбілязовты өз командасына шақырды (ВИДЕО)

  • «Ақшаларыңды алып кел...»: Ахметбек Нұрсила Әбілязовты өз командасына шақырды (ВИДЕО)

    «Ақшаларыңды алып кел...»: Ахметбек Нұрсила Әбілязовты өз командасына шақырды (ВИДЕО)

Соңғы кезде партия құру арқылы Парламентке депутат болып өтіп, одан кейін билікті түгел өз қолына алатынын ашық айтып жүрген кәсіпкер Ахметбек Нұрсила енді Мұхтар Әбілязовты елге шақырып отыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

ВИДЕО: youtu.be/Y1koDKKlGJI

Әлеуметтік желідегі сайқымазақ қойылымдарымен ел-жұртқа әбден жеккөрінішті болған ол, бұдан былай Әбілязовтың жақтастарының көңілін аулап, сол арқылы жақсыатты болуды көздеген сыңайлы. Себебі, кеше өзінің Youtube арнасында мәлімдеме жасап, Қазақстан билігі қылмыскер деп таныған экс-банкирге «бір кемеде» болуды ұсынды.

«Енді менің Әбілязов бауырыма айтатыным: айналайын, Мұхтар, менің партияма кемінде миллион адам жиналады. Билік қаласа да, қаламаса да тіркеледі. Сені енді қудаламаймыз. Саған бір-ақ шарт бар. Ана алып кеткен ақшаларыңды алып кел, елдің игілігіне жарат!

Туған еліңе, ата-бабаңның жеріне кел! Бірақ, ол ақшаны сен ауыл шаруашылығын дамытуға құясың. Сол кезде халық сені кешіреді деп ойлаймын», - деп үлкен үмітпен тебірене сөйледі кәсіпкер.

Осылайша, діттеген жеріне бір табан жақындаған да сияқты. Өйткені, бұл үндеуі желі қолданушылардың біразын ашуландырса, әбілязовшыл топтың «құлағына майдай жақты». Олар бұл ұсынысты қолдайтындықтарын жарыса жазысуда.

 

 




Көрілген: 564    Пікірлер: 0

жұма, 22.05.2020, 09:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31