Жұлдызды жаңалықтар

Әлішер Кәрімов 40 күнде он екі келіге арықтап кеткен (фото)

  • Әлішер Кәрімов 40 күнде он екі келіге арықтап кеткен (фото)

    Әлішер Кәрімов 40 күнде он екі келіге арықтап кеткен (фото)

Отандық танымал әнші Әлішер Кәрімов небәрі 40 күнде он екі келі артық салмақ тастаған. Шоу-бизнес жұлдызы бір айдан астам уақыт ішінде өзі жеткен жетістігін қайталау үшін не істеу керектігін айтып берді. Өнер иесі қандай тамақ түрінен бас тартқанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Фото: Instagram/alisher_k. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/alisher_k. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Кәрімов 40 күн ішінде айтарлықтай салмақ тастау үшін тамақтану тәртібін түбегейлі өзгертіп тастаған.

Енді әнші үшін картоп, күріш, нан, қойдың еті секілді азық-түлік мүлдем жоқ болып есептелінеді.

Эстрада жұлдызы арықтау үрдісін өзінің Instagram парақшасында егжейлі-тегжейлі айтып берген.

"Мен 40 күнде 12 келіні еңсердім. Сол кезде менің салмағым 100 келі болатын. Бойым ұзын болса да, мен артық салмақты сезінетінмін. Бұл проблемадан құтылу үшін біріншіден, мен өзімнің тамақтану тәртібімді өзгертіп тастадым.

Себебі, біздің денеміз бен бет-әлпетіміз біздің жейтін тамаққа тікелей байланысты. Сол сәттен бері мен картоп, нан, күріш, тәттілер мен қойдың етін жемеймін.

Картоптан бас тарту үшін маған бес жыл уақыт кетті. Қазір мен үшін картоп деген көкөніс жоқ. Нанды өте сирек жеймін. Кейде иісі аңқып тұрғанда өзімді ұстай алмай кететінім бар.
Тәттіден әлі толығымен бас тартқан жоқпын. Әзірге қолымнан келмей жатыр. Бірақ, мен тырысып жүрмін. Қой еті - мен үшін аса ауыр" , - деді ол.

Оған қоса, әнші қазіргі күні қалай тамақтанып жүргенін айтып берді.

"Мен өте көп су ішемін және теңіз азық-түлігін көп жейтін болдым. Еттен жылқының етін таңдаймын. Ол екі-ақ сағатта қорытылып кетеді. Осы ұстанымдарымның арқасында мен қазір 35 жастағыдай болып көрініп жүрмін" , - деп бөлісті өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін пластикалық ота жасатқан Әлішер Кәрімовты өнердегі әріптестері сынағанын жазған болатынбыз.

 

 




Көрілген: 648    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.01.2020, 11:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30