Әнші Шаһизада бұрынғы үш күйеуі жайлы бар шындықты айтты

Әнші Шаһизада бұрынғы үш күйеуі жайлы бар шындықты айтты

Отандық әнші Шаһизада бұрынғы күйеулері жайлы жан сырын ақтарды. "Астарлы ақиқат" бағдарламасына келген әнші үшінші күйеуі үшін Түркияға көшіп барғанын да еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Әншінің айтуынша, ұлының әкесіне 19 жасында тұрмысқа шыққан. Ал екінші күйеуімен Шаһизаданың некесі сегіз жылға созылған.

"Маған келген ер азаматтар көмек күтіп тұрады. Неге екенін білмеймін. Үш рет тұрмыста болғаным рас. Бірінші күйеуім Асқар - Олжас баламның әкесі. 19 жасымда шаңырақ көтердік. Солтүстік Қазақстанда бүкіл қиыншылықтан өтіп, балалы болдық. Кейін арамызға адамдар түсті, ішімдікке салынды. Мен өнер адам болған соң бір орында отыра алмаймын. Осы уақытқа дейін тіршілік жасап, әнім, өнерім деп жүрмін. Бір орында тұрып қала алмадым, сол себепті екеуіміз екі жаққа кеттік", - деді әнші. 

Әншінің айтуынша, екінші рет тұрмыс құрмас алдын қатты сырқаттанып қалған. "Екінші рет тұрмыс құрмас бұрын жалғыздықты сезіндім. Үйде жалғыз өзім, 40 градусқа дейін қызуым көтерілді. Шәй құйып беретін, су беретін адам болмады. Өлуге дайын жаттым. Төсегімнің жанында айна болатын. Соған қарап отырып, жынды адамдай өзіммен-өзім сөйлестім. "Шаһизада, не істеп жүрсің? Сенің әнші, атақты болғаныңды қайтейін? Мына жатысың не? Су беретін адамың жоқ. Не сұмдық мынау? Шұғыл тұрмысқа шық" деп өзіме айттым. 

Ал үшінші күйеуіне тұрмысқа шығу үшін Шаһизада Түркияға көшіп барған.

"Үшінші жолдасымды мықты ер азамат деп айта аламын. Ол кісіні көпшілік біледі. Батыр деп атайды. Мен оны білген жоқпын. Әйел құлақпен жақсы көретіні белгілі. Күнде сені мақтап, еркеліп, сүйетінін айтса, кім жек көреді? Жатса, тұрса сезімін білдіретін. Ондай ер азаматқа қай әйел болса да сенеді. Бүкіл дүниемді, бала-шағамды тастап, сол үшін Түркияға көшіп кеттім.

Барып оның жағдайын жасадым. Өйткені, оның жағдайы жоқ екен. Содан ол маған қол көтерді. Сөйтіп мен бірден өзіме "Осы жасыма келгенде күйеуден таяқ жеп, қалған өмірімді осылай өткіземін бе? Маған қол көтеретіндей не істеп жатыр?" деп сұрақ қойдым. Пәтерінің ақшасын мен төледім. Тамағы, киімі менің мойнымда болды. Көпшілік оны білмейді, түсінбейді. Бірде әпкем маған "Үйленгенді қойсаңшы. Ер адам саған үйленсін" деді. Сонда ғана ойландым. Шынында, ер адамға мен үйленеді екенмін", - деп жан сырын ақтарды Шаһизада.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста