Жұлдызды жаңалықтар

"Арт жағымда біреу "күліңіз" деді": Алуа Қонарова 19 жылда алғаш рет марапатталды

  • "Арт жағымда біреу "күліңіз" деді": Алуа Қонарова 19 жылда алғаш рет марапатталды



Белгілі продюсер Алуа Қонарова жиырмаға жуық жыл ішінде алғаш рет марапат алды. «Шоу-бизнес» саласына сіңірген еңбегі үшін номинациясы бойынша «Жыл таңдауы-2019» кешінде марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 


алуа қонароваСурет: Stan.kz/Қарлыға Бүйенбай


«Сахнаның артында тұрған кезімде маған әртістердің бірін марапаттайсыз, деді. Сол жерде қай әртісті құттықтайтынымды білуге тырысып бақтым. Ешкім айтпаған соң, біраз қобалжыдым. Сахнаға шығып, кімді құттықтайтыныңды білмеген кезде аздап көңіл-күйің түсетіні сөзсіз. Кенет арт жағымнан біреу «Күліңіз» деді. Күлімсіреп, не болып жатқанын түсінбей келемін. Қолыма мүсіншені бергеннің өзінде кімді марапаттайтынымды іздеп қоямын», - дейді Алуа Қонарова. 


Әрі қарай ол дәл осы сәт 5 жыл бұрын болғанда балаша мәз болып, төбесі көкке жеткенше секіретінін жасырмады. Яғни бүгінде өзін осы сыйға әбден лайық көреді. 


«Шоу-бизнесте жүргеніме көп уақыт болды. Біраз өнерпазды тәрбиеледім. «Жыл таңдауы» - менің еңбегімді алғаш бағалағандар. Оларға алғым айтамын», - деді продюсер. 


Сондай-ақ, ол әлі күнге дейін өзін артқа қойып, алдыда тек әртістері жүргенін қалайтынын жасырмады.  


Естеріңізге сала кетсек, "Жыл таңдауы-2019" кешінде сүйіктісі әнші Балжан Бидашқа ұсыныс жасаған еді


 



 

 




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.12.2019, 11:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31