Жұлдызды жаңалықтар

Әсел Сәдуақасова: Отбасылы азаматпен кездескім келсе, кездесемін

  • Әсел Сәдуақасова: Отбасылы азаматпен кездескім келсе, кездесемін

    Әсел Сәдуақасова: Отбасылы азаматпен кездескім келсе, кездесемін



Жасы 34-ке келген Әсел Сәдуақасова әлі тұрмыс құрып үлгермеді. Бүгінде "ақ көйлекті қашан киесің?" деген сауал оны мезі еткен. Алайда актриса мұндай маңызды шешім қабылдауға асықпайды. Себебі бір кездері "аузы күйген".


Әсел СәдуақасоваБұл туралы Stan.kz Тимур Балымбетовтың "Шыны керек" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 


"Мен біреудің алдында есеп беруге міндетті емеспін. Отбасылы азаматпен кездескім келсе, демек кездесемін. Демек ол махаббат болады. Біздің елімізде қойылатын шектеулер көбейген сайын, мен қарсы тұра бастаймын. 

Қазіргі уақытта менің өмірімде тек қана кино, жеке өмірім бір жолға қойылмаған. 


Бізде әйелдерді қатты қысып тастаған. Тек еркектер 5-6 әйелден ала алады. Сосын "отыр, жұмыс істеме" деген басталады. Көптеген таныстарым менен тұрмысқа шықпауымның себебін сұрайды. Ал қалай тұрмысқа шығамын? Егер бір жігітпен кездесе бастасам, ол: "Болды, енді үйде отырасың, маған сенің айналысатын ісің ұнамайды", - деп шығады. 


Кейін мені өздігінен ақша таба алмайтын күйге түсіреді. 25 жасымда ондай нәрсе басымнан өткен. Жарты жылға шоу-бизнестен кеттім. 1000 теңгемен жігітімнің тілеуін тілеп отырдым", - дейді Әсел ағынан жарылып.


Әсел 25 жасында пәтерін тартып алған жігітпен әлі күнге дейін соттасып жүргенін айтты. Сөзіне қарағанда, алаяқ азамат 2,5 жылдан бері жазасын өтеп жатыр. Алайда істің әлі де аяқталмаған тұстары баршылық.  


Ол "отбасылы азаматпен кездесемін" деген сөзді мысал ретінде айтқанын, бүгінде сүйіктісі жоқ екенін мәлім етті. 


"Мен отбасылы азаматпен болмаймын, қазір қалыптасқан жеке тұлғамын. Өзімді жақсы көремін. Бірақ неге біздің елде осындай шектеулер бар? Отбасылы азаматпен кездесіп жүрген құрбыларым бар. Оларда махаббат. Ақыр соңында өзін-өзі таңдауы үшін осы жолды жүріп өту керек екендерін түсінемін. Айтқым келгені осы. Бірақ біздегі шектеулер... Яғни, мен бір мысал ретінде ғана солай айттым.


Тура сол сияқты, 25-ке дейін тұрмысқа шығу керек деген стереотип. Байғұс қыздар тек қажет болғандықтан, тұрмысқа шығады. Қазір ажырасулар өте көп, неке институтының ешқандай маңызы қалмады", - дейді Сәдуақасова. 







 




Көрілген: 2334    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.04.2019, 13:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31