Жұлдызды жаңалықтар

Бауыржан Есебаев: Қайрат Нұртас маған коттедж, джип алып берем деп алдап кетті

  • Бауыржан Есебаев: Қайрат Нұртас маған коттедж, джип алып берем деп алдап кетті

    Бауыржан Есебаев: Қайрат Нұртас маған коттедж, джип алып берем деп алдап кетті

Бірнеше хит әндердің авторы, елімізге танымал композитор Бауыржан Есебаев Қайрат Нұртасқа деген өкпесін айтты. Айтуынша, танымал әншілер атағы шыға бастағанда, берген уәдесінен тая бастайтын көрінеді. 

Бұл туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтылды. 

 

Бауыржан Есебаев бірнеше әншіге талай ән жазып берді. Елге танымал көптеген әншілердің ән қоржынында Бауыржан мырзаның әні бар. Сазгердің әндері тез тарап, хитке айналатыны белгілі. Алайда оның өтеуі ретінде қомақты қаражат уәде еткен әншілер уақыт өте сертінен тая бастайды. 

"Бірде Гүлзира Айдарбекова ұлына 15 мың долларға сағат алып бергенін айтып жатыр екен. Қайрат көрші бөлмеде отырған. Есікті жауып, Қайраттың қасына бардым. Сен маған "коттедж алып берем дедің бе?" дедім, "иә" деді. "Джип алып берем дедің бе?" десем, "иә, аға" дейді. "Қайда соның бәрі? Қолыңдағы сағатыңды шеш" дедім. Қайрат "қазір, аға" деп шығып кетті де, қалтасында мың доллары бар, қайтып келді. "Осыған сағат алыңызшы" деп ұсынды. "Мынау анамның сыйлығы еді, бере алмаймын" деп ақталды", - деді сазгер. 

Бұл Есебаевтың алғаш рет айтқан өкпесі емес. Бүгінде ол мұндай уәделерді ұмыта бастаған. 

"Әншілер ән жаздыратын кезде уәдені үйіп-төгеді. Оның бәріне үйреніп қалғам. Бәрі сөйтеді. Кейін уәдесін ұмытып кетеді. Оны қалыпты жағдай деп қабылдауға болады. Олардың сөзіне сеніп, қашан не алып береді деп күтіп жүрген жоқпын. Ол жай ғана сөз жүзінде ғой", - деді хит әндердің авторы. 

Айта кетейік, Есебаев мырза Қайрат Нұртасқа 16 хит ән жазып берген автор.

 
 

 




Көрілген: 515    Пікірлер: 0

жұма, 11.09.2020, 12:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30