Жұлдызды жаңалықтар

"Баяғы қалпыма келе алмадым": Ірі жол апатынан аман қалған актриса Айзада Сатыбалды есінде ештеңе қалмағанын айтты

  • "Баяғы қалпыма келе алмадым": Ірі жол апатынан аман қалған актриса Айзада Сатыбалды есінде ештеңе қалмағанын айтты



Ірі жол апатынан аман қалған актриса Айзада Сатыбалды есінде ештеңе қалмағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews басылымына сілтеме жасап. 


Баяғы қалпыма келе алмадым


Өткен жылдың желтоқсанында Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында ірі жол апаты болып, үш адам көз жұмған. Жан түршігерлік оқиғадан тек бір жолаушы ғана тірі қалды. Көлікте елімізге еңбегі сіңген актрисалар Шолпан Елгезекова, Айзада Сатыбалды және олардың құрбысы Дина Хамитова болған. Өлім аузынан қалған жалғыз жолаушы, актриса Айзада Сатыбалды ұзақ уақыт бойы ем алып, қазіргі таңда ауруханадан шығарылды.


Актриса болған оқиғаның мән-жайын айтып, қазіргі жағдайымен бөліскен болатын. 


"Қазіргі жағдайыма шүкір деймін. Барлығына уақыт емші. Дәрігерлер де соны айтып жатыр. Баяғыдай қалпыма әлі келе алған жоқпын. Ашық және жабық жарақаттар алғанмын. Төрт рет ауруханада ем алып, екі рет шипажайда жатып емделдім. Әлі жылдың соңына дейін емделемін", - дейді Айзада Сатыбалды.  


Өнер иесі болған оқиғаны түгелімен ұмытып қалған. Қазіргі таңда тек болжам жасап, жақындарынан естіген оқиғаны ғана айтып беріп отыр. 9 айдан аса уақыт өтсе де Айзада Сатыбалды бұрынғы қалпына келе амаған. Дәл сол күні бәріміз көлігімізді тастап, таксиге отырған едік, неге бұлай жасағанымызды білмеймін дейді Айзада Сатыбалды. 

"Еш нәрсе есімде жоқ. Дәрігерлер есіме түсуі де, түспеуі де мүмкін деді. Не болғанын жолдасымнан 4-5 айдан кейін сұрастырдым. Қайраткерлікті 2018 жылы 15 желтоқсанда астанадан алып келдім. Сол қуанышты кішігірім түрде бас қосып, атап өткенбіз деп ойлаймын. Сосын көктемге таман отырып жақсылығымызды көпшілікпен бөлісеміз деп шешкенбіз. Менің ойымша, дәл сол күні біз соған байланысты бас қосқанбыз. Нақты есімде жоқ. Артынан марқұм Динараның ұлы мені астанадан іздеп келіп, оқиғаның мән-жайын айтып берді. Динараның ұлының айтуынша, біз Шолпан екеуміз оның үйіне келген екенбіз. Содан кейін үйден шығып кетіп, мейрамханаға барғанбыз. Неге екенін білмеймін, барлығымыз көлігімізді қалдырып кеткенбіз. Сөйтіп таксиге мініп, келе жатқанда осы оқиға болса керек", - дейді Айзада Сатыбалды. 


Оқиғадан кейін актрисаға жақындары, әріптестері, ұжымдастары, туған-туыстары қолдау көрсетіп, сауығып кетуіне ықпал еткен. Айзада Сатыбалды ел болып материалдық және моральдық қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын деп отыр. 


 



 

 




Көрілген: 3210    Пікірлер: 0

сенбі, 14.09.2019, 11:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31