Жұлдызды жаңалықтар

Билет бағасына ренішін білдірген Айқын көптің сынына ұшырады

  • Билет бағасына ренішін білдірген Айқын көптің сынына ұшырады

    Билет бағасына ренішін білдірген Айқын көптің сынына ұшырады


Күні кеше бизнес класспен Ақтау қаласына ұшып барған өнер иесіне, аталмыш классқа сай қызмет пен жайлы орын ұсынылмаған. Бұл туралы ол өзінің Іnstagram парақшасында пост жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.


 

 


"Air Astana бізді тағы да тақырға отырғызды! Билеттерді бизнес-класс ретінде 139 000 теңгеге сатты. Ал, орындықтар мен жайлылық (тамақтанудан басқа) эконом кластыкіндей. (49 000 тг.) Ешкімге ештеңе дәлелдей алмайсың.


Бұл лотерея сияқты. Қандай ұшақ бұйырады, сонымен ұшасың. Өйткені әр ұшақта әртүрлі орындықтар бар. Менің ойымша, жайлылықты жасай алмағаны үшін белгілі бір соманы қайтару жүйесін ойластыру керек. Әйтсе де, оларға бәрібір", – деді әнші.

Айқынның бұл жазбасы көптен қолдау таппады. Оқырмандары оны аямай сынап тастаған.


"Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді", "Сенің мәселеңді маған берсе ғой", "Жылайтын сен бе?", "Оданда эконом билет сатып ал", " Менің айлығым 140 000", "Қиын болған екен. Адамдар автобуспен 48 сағат бойы селкілдеп барады", - деп жазды оқырмандар.



 



 





Көрілген: 1202    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.11.2019, 14:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31