Жұлдызды жаңалықтар

"Бірбеткей мінезім бар": Құралай Нұрқаділова қиналғанда неге әкесінен көмек сұрамағанын айтты

  • "Бірбеткей мінезім бар": Құралай Нұрқаділова қиналғанда неге әкесінен көмек сұрамағанын айтты



Марқұм Заманбек Нұрқаділовтің қызы Құралай басынан кешкен қиын күндер туралы айтып берді. Қатты қиналғанына қарамастан, әкесіне көмек сұрауға бармаған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының «Оңай емес» бағдарламасына сілтеме жасап. 


Құралай Нұрқаділова Сурет: instagram.com/kuralaiofficial/?hl=ru


«Мен әлі күнге дейін жалдамалы пәтерде тұрамын. Мен үшін қазір жалдамалы пәтерде тұру, үй болмау, армандағанымдай мұра етіп үйімді балама бермеу - қалыпты нәрсе. Менің ойымша, кез келген жағдайда тірі боламыз, өліп кетпейміз», - дейді дизайнер.


Әрі қарай ол жасөспірім күнінен бастап түрлі жұмыс істегенін айтты. Ыдыс жуудан бастап, аспазға дейін. 


«Мен ол кезде 19-20 жаста едім. Алтын жастардың қатарын толықтырып жүрдім. Барлығы бар еді. Кенет бәрінен айырылдық. Қарапайым ақша жоқ. 15 жасымнан бастап жұмыс істедім, ыдыс жудым. Бірақ мен бұл қалыпты нәрсе деп ойлаймын. Жарты күн жұмыс істедім. Мэрдің қызы болғанымда аспаз болып жұмыс істедім. Түскі уақытта тамақ тараттым. Түстен кейін осы қолмен ыдыс жудым», - дейді Құралай Нұрқаділова. 


Сондай-ақ, ол бірбеткей мінезіне бола әкесінен көмек сұрамағанын айтты. Тіпті, әлі күнге дейін біреуден көмек сұрауды үйренбегенін жеткізді.  


 



 

 




Көрілген: 530    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.11.2019, 14:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31