Жұлдызды жаңалықтар

Димаш ауыр дерттен көз жұмған жанкүйерінің құрметіне ән арнады (видео)

  • Димаш ауыр дерттен көз жұмған жанкүйерінің құрметіне ән арнады (видео)

    Димаш ауыр дерттен көз жұмған жанкүйерінің құрметіне ән арнады (видео)

Кеше, 20 ақпанда Димаш Құдайбергеннің Татарстанның Қазан қаласында "ARNAU TOUR 2020" атты жеке ән кеші болды. Концерт кезінде әлемге әйгілі өнер иесі бір композициясын онкологиялық дерттен қайтыс болған Лейсан Сейтназароваға арнады. Қыз бала Димаш Құдайбергеннің жанкүйері болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы tatar-inform.ru-ға сілтеме жасап.

Видеодан кадр/Youtube/Звездные секреты, tatar-inform

Видеодан кадр/Youtube/Звездные секреты, tatar-inform

2019 жылы қазақстандық әнші WorldSkills Kazan шарасына келе алмаған Лейсанның жағдайын білу үшін, хосписке арнайы барды.

Жеткіншек сүйікті орындаушысының келетінін соңғы уақытқа дейін білмеген.

Лейсан Димашпен кездескеннен кейін төрт ай өтпей қайтыс болды.

Қазақстандық әнші жеке концертінде қыздың арманын орындағысы келетінін, оны "туған қарындасындай" көргенін білдірген.

"Татнефть Аренаға" жиналған жанкүйерлер Лейсанға ән арнаған Димаш Құдайберген деген алғыстарын ыстық ықыласпен, гүл-шоқтарымен жеткізді.

Әртістің Қазан қаласындағы жеке кешінде Татарстаннан, Ресейден, Канада, Финляндиядан келген тыңдармандар болғанын айта кеткен жөн.

Олардан бөлек, оның ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар да бой көрсетті.

 
 
Фото: tatar-inform

Фото: tatar-inform

Еске сала кетсек, өткен жылдың тамыз айында Димаш Құдайберген Қазан қаласындағы балалар хосписіне Лейсан есімді кішкентай қыздың арманын орындау үшін арнайы барды.

Андрей Малаховтың бағдарламасында өнер иесінің жанкүйері ауыр дертпен күресіп жатқанын, Димаштың шығармашылығынан үлкен күш алатынын, оның әндерін тыңдау арқылы өмір әлі алда екенін ұғынатынын айтқан.

 

 

 




Көрілген: 292    Пікірлер: 0

жұма, 21.02.2020, 09:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30