Жұлдызды жаңалықтар

"Екеуміз де қырсықпыз": Абай Бегейдің үлкен қызы онымен қалай татуласқанын айтып берді

  • "Екеуміз де қырсықпыз": Абай Бегейдің үлкен қызы онымен қалай татуласқанын айтып берді

Қазақстандық эстрада жұлдызы Абай Бегей екінші мәрте үйленіп, үлкен қызымен қарым-қатынасын бұзып алған болатын. Алайда, араға уақыт салып, әкесі мен перзенті бір мәмлеге келіп татуласты. Осы орайда, әншінің тұңғышы алғаш рет арадағы дауға қатысты пікір білдіріп, мәселенің мән-жайын ақтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/abai_begei/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/abai_begei/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ерке Ниязқұлованың айтуынша, әкесімен арадағы түсініспеушілік сол кезде шешіле салатын мәселе болған. Алайда, олардың ортасына басқа дамдар араласып, келіспеушілікті одан бетер өршіте түскен.

"Бәрі жақсы болды. Оның алдында да бірнеше рет папама жазғым келіп жүрді. Бірақ сырттан адамдар, туыстар араласты. Сондай қиындық кезінде ортаға көп адамдар араласып кетеді. Оның сөзі маған басқаша жетіп, менің сөзім оған басқаша жеткен. Сөйтіп, арамызда түсініспеушілік болды. Жан-жақтан адамдар араласты. Қазіргі кезде бәрі жақсы. Ең алғашқы кездесу сол Ақтауда болды. Сағындым, әрине. Оған дейін бірнеше мәрте кездескім келіп, оқталып жүрдім.
Менің де қырсықтығым жіберген жоқ, оныкы де жіберген жоқ. Бірінші қадамды әкем жасады. Туған күніммен құттықтады. Сосын, мен де әсерлі жазба жарияладым. Сол хат арқылы елдің көзінше әкемнен кешірім сұрадым. Аяқ асты, сол күні алған әсермен жаздым. Бәрі жақсы болсын деп тілеймін. Ешкімге өкпе-назым жоқ" , - деді Абай Бегейдің тұңғышы.
 
 

Сонымен қатар, әншінің үлкен қызы әкесінің қазіргі жұбайымен қандай қарым-қатынас екені мен оған қатысты пікірін еш бүкпесіз айтып берді.

"Фаризаны алғаш рет Ақтауға келгенде көрдім. Оған дейін телефонмен сөйлесіп тұрдым. Ол кісіге басынан менің жағымнан да, нағашыларым тарапынан да еш қарсылық болған жоқ. Ағайындардың дұрыс түсінбей ортада осындай нәрсе орын алғаны болмаса. Ал негізі әкемнің үйленуіне ешкім қарсылық білдірген жоқ. Басқа тақырыптар қозғалып кетті.
Негізгі реніштің түбі сол. Мүлдем басқа мәселелер болды. Айналып келіп, бәрін басқаша көрсеткенді қалайды ғой. Нәтижесінде, Ерке әкесіне қарсы екен деп шықты.Шын мәнінде ондай еш нірсе жоқ. Ол кісіге тек рахметтен басқа айтарым жоқ. Жақсы көремін, сыйлаймын. Өте жақсы әйел. Мүслімді де солай. Алдағы уақытта бәрі жақсы болса екен деп тілеймін" , - деді Ерке.

Айта кетейік, Абай Бегей мен үлкен қызы оның екінші мәрте отбасын құрғаннан кейін, біраз уақытқа араласпай кеткен болатын. Бойжеткен жұлдызды әкесінің екінші әйел алғанына қатты ашуланған.

Бірақ, арада біраз уақыт өткен соң, Ерке Ниязқұлова әлеуметтік желіде Абай Бегейді кешіргенін жеткізген болатын.

 

 




Көрілген: 764    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.02.2020, 21:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30