Жұлдызды жаңалықтар

«Елдің жан жарасын емдеген психолог болса қолдар едік»: белгілі әнші праймериз «жеңімпазы» Құралай ханымды сын садағына алды

  • «Елдің жан жарасын емдеген психолог болса қолдар едік»: белгілі әнші праймериз «жеңімпазы» Құралай ханымды сын садағына алды

    «Елдің жан жарасын емдеген психолог болса қолдар едік»: белгілі әнші праймериз «жеңімпазы» Құралай ханымды сын садағына алды

Қазақ қоғамын бір сілкінтіп өткен праймериз сынынан «сүрінбей» өткендерің арасынан қоғамға ешқандай да пайдасы тимеген, мүлдем лайықсыз есімдердің көрініп жатуы жұрттың қарсылығын тудырып жатыр. Мәселен саяси додадан сүрінбей өтіп, Астана қаласы, Есіл аудандық мәслихат депутаттығына біршама жақын қалғандардың ішінде Құралай ханым деген атпен танылған блогер-психолог Ошақбаеваның есімінің аталуы мүлдем ақылға сыймайтын дүние, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белгілі дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаеваның айтуынша, «Nur Otan» партиясына Құралай секілді шарлатан, псевдопсихолог, білімсіздердің керек болып жатуы расында да ақылға сыймайтын дүние. 

«Nur Otan» праймерезінен үміткер Құралай Ошақбаева, қаншама адамның тағдырын талқандаған псевдопсихолог алаяқ! Мынау халықтың зарлы жазбасы!

Психолог Анна ханымға жауап бере алмай, «коучпын» деп лағып, Буддист Правдинаның мантрасын мұсылман қазақ әйелдерінеайтқызған, американдық мұсылман емес психологтарды қазақшалап айтып жүрген - Құралай Серікқызы Ошақбаева! Құран жаттатам деп өзінің абжатын жаттатып, жаттағандар ішіне жын кіріп, үйіне қона алмай     этаждан секірем деп, аласұрып, семьясынан ажыраған ведьмалардың лимонға 40 ине шаншып, өлген келінінің төсегінің астынан шыққанын көрген ененің, семьясынан айрылған әйелдердің көз жасынан қорықпаған, өмірлерін өкінішке айналдырған, тағдырларын талқанын шығарған, мыстандықты насихаттаған, діннен хабары жоқ, психологпын деп дуа жаттатқан Құралай Ошақбаева, сен халықтан кешірім сұрамай, қай бетіңмен депутат болдым деп, ақтық сыныңнан өтпей жатып жар салып жатырсың?!

«Nur Otan-ға» осы қылмыстарыңды жасырып, әйел-аналарды бақытты етемін деп сендірудесің бе? Абайды тудырған Құнанбай өсекке сеніп Қодар мен Қамқаны өлтірді, кез-келген әйелді өсектеп жоқ қылуға болады деп, 40-күн дұға деп 40-күн абжатыңды жаттатпақсың ба тағы? Ініге бай әпке керек деп, қазақтың санасында жоқ, әпкесі бай болмаса інісі безетіндей видеоларыңды көргенде, бұларды оқымаған әдебиеттің бетін ашпағандарға айтарсың деп ескерткенім парақшамда тұр. 

Сені билікке жіберсе, 40 инеңді лимонға шаншып, бананды холодилникке тығып, сыпыртқымен мыстандардай ұшуды халыққа міндеттеп үйрететін шығарсың. Әр әншіні жағалап пияр жасап, Бақытты әйелде 3-4-ай өзіңнің атыңды шығару үшін, Қазақстан телеарнасында психолог болғандай жарнамаңды көріп күлгеніміз рас. Сен білімді психолог, елдің жан жарасын емдеген маман болсаң қолдар едік қой. Сенің абжаттыңды жаттап, ұйықтап тұрмай өлген, өрімдей қыздың анасының, семьялары ойрандалғандардың жазған зарынан оқып, сені кешіре алмаймын. Бердияр қаридың видеосы дәлел болмаса, мені өсек сенбеңдер деп, елге бетің бүлк етпей эфирыңда айттың ғой. Психологпын деп өмірін өкінішке айналғандардан кешірім сұрап, жаңылдым деп пост жаз. 

«Nur Otan» партиясына сендей шарлатан, псевдопсихолог, білімсіздер керек пе?», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында 




Көрілген: 1283    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.11.2020, 11:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31