Жұлдызды жаңалықтар

"Келіспей жатады": Ақбота Айдарқұлованың енесімен араздасып жүргені рас па

  • "Келіспей жатады": Ақбота Айдарқұлованың енесімен араздасып жүргені рас па

Отандық танымал актер әрі әзілкеш Дәурен Айдарқұлов әйелі мен анасының арақатынасы жайлы бар шындықты ашты. Өнер иесі енесі мен келінінің арасында келіспеушілік орын алып тұратынын жасырмады. Оған қоса, ол мұндай жағдайда өзі кімді жақтайтынын да айтып қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Айдарқұлов отбасында жалғыз ұл болғандықтан, ата-анасымен бір шаңырақ астында тұрады.

Алайда, келіншегі мен анасының арасындағы қақтығыстар оны кейде бөлек шығуға ойландырып қоятын көрінеді.

Әзілкеш жанұя болған соң, кей жағдайда келіспеушіліктер болып тұратынын жоққа шығармады. Алайда, ол келіні мен енесінің арасындағы дауда алдымен екі тарапты да тыңдап алғанды жөн санайды екен.

"Енді, әрине ас үйді бөлісуге қатысты анам мен келіншегім кейде келіспей жатады. Бірақ, бұл әйелдерге тән әрекеттер ғой. Бізге еш қатысы жоқ, бірақ септігі үлкен. Жігіт бірінші, анасымен бөлек келісіп, сосын келіншегімен бөлек сөйлесу керек. Одан кейін мәселені таразыға салып, шешуге болады. Ең бастысы дұға қыламыз, Алладан сұраймыз түсінбей жатқан адамға түсінсін деп" , - деді Айдарқұлов.

Айта кетейік, бұған дейін Дәурен Айдарқұлов әйелі келіндік міндетін дұрыс атқармай жүргенін айтып қойған болатын.

 

 




Көрілген: 1866    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.01.2020, 11:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30