Жұлдызды жаңалықтар

"Көздеріңнен": Балабақшадағы суретін жариялаған Тәуекелге ел сүйсінді (фото)

  • "Көздеріңнен": Балабақшадағы суретін жариялаған Тәуекелге ел сүйсінді (фото)

Отандық танымал актер әрі тележүргізуші Тәуекел Мүсілім балабақшадағы суретін жариялап, желі қолданушыларын тәнті етті. Көпшілік шоу-бизнес серісінің кішкентай кезіндегі фотосын қызу талқылап, оған деген жылы лебіздерін білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/mussilim. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/mussilim. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Тәуекел Мүсілім бала күнгі суретімен Instagram желісіндегі жеке парақшасында бөліскен.

"Бала Тәуекел, балабақша кезі. Бұл топтан тек Нұрғожа және Алиямен ғана араласамыз. Қалғандары қайда екен? Біреуді таныған болсаңыздар, белгілеп қойыңыздар" , - деп бала кезіндегі достарын іздеді актер.

Желідегілер өнер иесінің кішкентай кезіндегі суретіне қатысты түрлі пікір қалдырып жатты. Олардың басым көпшілігі шоу-бизнес жұлдызының бала күнгі түріне сүйсінген.

"Қандай тәттісің", "Сол кезде де палуан болыпсыз ғой", "Тойға шақыратын адамдарды іздестіріп жатырсыз ба?" , "Тәп-тәтті балапан" , "Неткен сүйкімді абалқай" , "Осы тәтті бүлдіршіннен сері жігіт шыға келді" , "Өзгермеген сияқтысыз, бірден танып қойдым" , "Көздеріңнен сенің" , "Әдемі естелік фото" , - деп жазуда көпшілік.
 
 

Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілім жары екеуі әлі балалы болуға асығар емес екенін айтқан болатын.

 

 




Көрілген: 314    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 11:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30