Жұлдызды жаңалықтар

ҚР Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Дәукенова қайтыс болды

  • ҚР Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Дәукенова қайтыс болды

    ҚР Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Дәукенова қайтыс болды

Әнші, композитор, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Гүлнар Дәукенова өмірден озды, - деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, режиссер Асхат Маемиров Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

 

"Алашын өміршең әндерімен, көкейкесті күйлерімен тербеген әнші-композитор, Қвзақстанның еңбек сіңірген артисі, ҚР Композиторлар Одағының мүшесі ГҮЛНӘР ДАУКЕНОВА өмірден өтті. Халық арасына кеңінен танылған "Сағындым сағым жылдар", "Күрең күз", "Қайран уақыт", "Шыңдағы шынарым-ай", "Мөлдір сезім" секілді көптеген әндердің авторы Гүлнар Даукенова әпкеміздің туындылары да, Өзінің жан дүниесі секілді шынайылыққа, сыршылдыққа, лиризмге толы болатын. Ширек ғасырдан астам уақыт ұлттық музыкамыздың қара шаңырағы - Құрманғазы оркестрінде еңбек етті. Еліміз тәуелсіздігін алған тұста үлкен толғаныстан туған "Жасай бер, Қазақстаным!" күйі - көптеген оркестрлердің репертуарының алтын қорына енді", - деп жазды Маемиров. 

Гүлнар Дәукенова Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында дүниеге келген. ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, әнші, композитор. Ол Үржар ауданының "Құрметті азаматы", "Білім беру ісінің үздігі". Гүлнар Дәукенова  халыққа "Сағындым сағым жылдар", "Қайран уақыт", "Шыңдағы шынарым-ай", "Күрең күз" секілді көптеген әндерімен танымал болған.

 
 

 




Көрілген: 696    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.05.2020, 23:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31