Жұлдызды жаңалықтар

Қуандық Рахым: Армандап жүрген аруым бар, бірақ ол ғашық екенімді білмейді

  • Қуандық Рахым: Армандап жүрген аруым бар, бірақ ол ғашық екенімді білмейді

    Қуандық Рахым: Армандап жүрген аруым бар, бірақ ол ғашық екенімді білмейді



Жас әнші Қуандық Рахым өз өмірі мен шығаршашылығынан сыр шертіп, біраз жайттын басын ашты. Әдетте көп сұхбат бермейтін ол бұл жолы жеке өміріне қатысты мәліметтерді де жасырған жоқ. 


Қуандық Рахым: Армандап жүрген аруым бар, бірақ ол ғашық екенімді білмейді


Айналдырған 1-2 жылдың ішіне есімі алты алашқа таралып, миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған Қуандық Рахым өнерге қалай келді? Қай әншілерді мойындайды? Қашан отау құрады? Сүйіктісі бар ма? Бұл туралы "Қарақатпен шай" бағдарламасында айтты. 


"Мен болмысым жуас, салмақты жан едім. Ешкімге мені сахнаға шығарыңызшы деп айта алатын адам емес едім. Марат Балмырза деген ағам бар. Алғаш әнімді сол кісі тегін жазып, маған ұсынды. Ол бірден хитке айналды. Продюсерім Жанна Әбуовамен де таныстырған, мені ұсынған кісі сол. Бастапқыда мен Инстаграмда ковер жазып жүрдім. Марат ағам мені желіден тапқан екен. Осылайша Жанна Әбуовамен келісім жасасып, 2016 жылдан бастап жұмыс істей бастадық", - деді әнші. 


Әншінің армандағы аруы бар. Келесі жылы отау құруды да жоспарлап отыр.


"Алдымдағы ағаларым шаңырақ құрған жоқ. Сондықтан маған кедергі болып тұрған сол ғана. Мені арманымдағы қыз - қазақы, иманды, әдемі қыз. Міндетті түрде осындай талаптан шығуы тиіс. Армандап жүрген аруым бар, бірақ ол ғашық екенімді білмейді", - дейді Қуандық. 


Әнші өмірлік жолдасын өнер адамдары арасынан таңамайтынын айтты. Ал өнердегі замандастары арасында Қайрат Нұртас, Төреғали, Әбдіжаппар сынды әншілерді мойындайды. Дегенмен қазіргі жас қыздардың сүйікті тобына көңілі толмайтынын айтып қалды. 


"Мен жеке басым Ninety one тобын ұнатпаймын, қарындастарыма да тыңдатпаймын", - деді ол. 


 



 

 




Көрілген: 920    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.10.2019, 11:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30