Жұлдызды жаңалықтар

Мақпал Жүнісова Air Astana туралы: Әкесін өлтіргендей автоматпен атуға дайын адамдар бар ол жерде

  • Мақпал Жүнісова Air Astana туралы: Әкесін өлтіргендей автоматпен атуға дайын адамдар бар ол жерде

    Мақпал Жүнісова Air Astana туралы: Әкесін өлтіргендей автоматпен атуға дайын адамдар бар ол жерде



Мұрат Құсайыновтың басынан өткен әуежайдағы жайсыз жағдай өнер өкілдеріне оңай тиіп жатқан жоқ. Әйгілі музыканттың абыройын төккен әуе компаниясының қызметкерлеріне, әсіресе Мақпал Жүнісова қатты ашулы көрінеді. Stan.kz тілшісіне сұхбат берген Халық әртісі, шу шығарғандар әйгілі «Дос-Мұқасанның» жетекшісінен кешірім сұрауын талап етуде.  


makpal


«Кешірім сұрасын! Мұрат ағадан кешірім сұрау керек! Ол кісіге туфлиін шешкізіп, киімін шешкізу таңсық. Ол кісі қазаға бара жатыр екен. Қандай бір көңіл-күй болды деп ойлайсыз? Адамда кішкене адами қасиет болу керек. Еңбегі сіңген адам. Мен түсініп тұрмын, заң бәрімізге бірдей. Бірақ бірден өктем сөйлемей-ақ қоюға болады ғой. Мұрат ағамыздың намысына тиді ме екен, өктем сөйледі ме екен. Біз жанында болған жоқпыз ғой. Сондықтан ештеңе айта алмаймыз. Бірақ мен Мұрат ағаны 30-40 жылдай жақсы білемін. Ол кісі әйел адамын саусағымен түртпейтін адам. Сосын ондай мінезін көрмеген адаммын. «Айналайын» дегеннен басқа ол кісіден жаман сөз естіген жоқпыз. Жалпы, қазақ қазақты солай жамандай берсек, ертең оңбаймыз», - дейді Мақпал Жүнісова.


Мақпал Жүнісованың Құсайыновты қызғыштай қоруының өзіндік себебі бар. Өйткені, әуежай қызметкерлерінің ішкі тәртібіндегі олқылықтарға талай мәрте куә болғанын айтады.


«Біріншіден, әуежайда істеп жүрген қызметшілердің өздерінің тәртіптері өте нашар. Талай нәрсені көрдім мен. Бостан-босқа бізді ұшақтан алып қалу, ешқандай тәртіп бұзушылық жасамасаң да, кішкене 10 минут кешігіп қалдың ба регистрацияны жауып тастадық деп, 40 минут ұшақ ұшпай тұрады. Сондай жағдайда қолына автомат беріп, мынаны атып таста десе, атып тастайтын адамдар бар сол жерде. Мен бір жолы өтіп бара жатсам, «шешініңіз» деп сондай бір өктем дауыспен сөйлейді де. Сәлеметсіз бе, деп сәлем беріп тұрсаң да, әкесін өлтірген адамдай көзқарас танытатын біздің қазақтың жап-жас қыз-жігіттері бар әуежайда», - дейді әнші.  


Мұндай жағдайларға жиі ұрынған Жүнісова, қазіргі таңда әуежайдағы жүру тәсілін өзгертіпті. Аталмыш жердегі қызметкерлерден мезі болған Мақпал, адам саны аз жүретін жерден өтеді екен. Бірақ әр қадамы ақылы көрінеді.  


«Мен қазір 5-6 жыл болды барлығы өтетін жерден өтпеймін. YIP-залға барамын да, үстіне 20 мың теңге қосып, мені ешкім түртпесін деп сол жерден өтемін. Қазір енді 27 мың болып кетіпті. Жылдан жылға өсіп жатыр. Мысалы, мен ұшаққа 15 минут қалғанда келемін. Ары қарай өздері ұшаққа шығарып салады. Мен сол үшін ақша төлеп отырмын. Мен білемін ол жақта қандай адамдар істейтінін», - дейді Жүнісова.


Халық әртісінің еліміздегі әуежай қызметкерлеріне айтар кеңесі бар. Мақпал Жүнісованың ендігі өтініші: Мұрат Құсайыновты әбігерге салған қыз-жігіттер, шет елдік әріптестерінен үлгі алса, дейді.


«Шет елге талай ұшып жүрміз ғой. Шет елдегілер олай бізге қарамайды. Ташкент, алыс-жақын шет елдерге барамыз. Олар сенің ұшаққа билет алғаныңа рахмет айтып, сені керісінше ұшаққа жүгіртіп апарып, клинетіміз қалып бара жатыр, деп тоқтатып қоюға дайын тұрады. Ал, бізде керісінше! 30-40 минут ұшақ ұшпай тұр. Бірақ 5-10 минутқа кешіктің деп, ұшақтан сені алып тастап жатыр», - дейді Халық әртісі.


 



 

 




Көрілген: 1177    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.04.2019, 15:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31