Жұлдызды жаңалықтар

Майкл Джексонның алғашқы қолғабы 104 мың долларға сатылды

  • Майкл Джексонның алғашқы қолғабы 104 мың долларға сатылды

    Майкл Джексонның алғашқы қолғабы 104 мың долларға сатылды

Өзгелерден ерекшеленуді қалаған ол, сол сәтте сахнаға қолғаптың бір сыңарымен ғана шыққан.

Әлем халқы жер бетін жайлаған коронавируспен әуреге түсіп жатқанда, ол індетті жұқтырушылар мен соның салдарынан көз жұмғандар саны жөнінен алдыңғы орынға шыққан АҚШ-тың Техас штатында кеше бір қолғап 104 мың долларға сатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Риа Новостиге сілтеме жасап.

Ол қолғаптың ерекшелігі – әлемге аты мәшһүр әнші Майкл Джексонның өзі киген қолғап болуында. Мәліметке сүйенсек, ол «Сваровски» кристалл тастарымен көмкерілген.

Бұл қымбат әшекейлі қолғабын Майкл Джексон алғашқы концертінде киген. Өзгелерден ерекшеленуді қалаған ол, сол сәтте сахнаға қолғаптың бір сыңарымен ғана шыққан.

Құны нақты 104 286 АҚШ долларына бағаланған қолғапты аукционда сатып алған адам өзін таныстырудан бас тартқан. Оған қолғаптың 1998 жылы Unisef-ке сыйлық ретінде ұсынылғанын айғақтайтын MJJ Productions продюсерлік компаниясының хаты қоса табысталды.

 

 




Көрілген: 745    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.04.2020, 09:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30