Жұлдызды жаңалықтар

"Мен тірімін" деудің қажеті жоқ: Түсіпбаева ұшақ апаты жайлы айтқан әртістерді сынады

  • "Мен тірімін" деудің қажеті жоқ: Түсіпбаева ұшақ апаты жайлы айтқан әртістерді сынады

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева апатты жағдайға ұшыраған рейске отыру керек болып, ұшпай қалғанын жарыса жазған көпшілікті сөгіп тастады. Өнер иесі ұшақ апатынан аман қалғандарына мақтана жазғандардың бұл әрекетін мүлдем орынсыз деп есептейді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Қазақ эстрадасында өз орны бар Түсіпбаева Instagram парақшасына аса азулы жазба жариялады. Онда әнші жантүршігерлік әуе апатына тап болған ұшаққа билет алып, алайда, түрлі себептермен әуе кемесіне отырмай қойғандарын жаза бергендерді орнына қойды.

"Бос сөздің не керегі бар?! Әртіс болсаң да, әкім болсаң да, Алладан жарлық келсе, жұлдыз да, жерге түседі аспандағы!!!Кейбір әртістердің посттарына күлкім келеді! Ел басына күн туғанда, ойланып сөйлеңдерші! Отырсаң отырыпсың, кімнен артықсың?!Жарлық келсе, генерал да кетеді! (Иманды болсын!). Әй, пенделер, мен бүгін сол ұшақта болған Дарханмен сөйлестім. Елестете де алмайсыңдар!

Әуе апатына ұшыраған адамдардың басынан өткенін көру бастарыңа жазылмасын. Сап-сау азаматтар ұшақ құлағаннан кейін, оның жарылып кетуінен қорқа қашып жатқан. Біреулер жан-жағында жолаушылар мен балалардың жылап жатқанынан мән бермей, өз чемодандары мен заттарын іздеп әлек болған. Зардап шеккендерге көмектесудің орнына өз жанын аман алып қалуға барын салған.

Дархан бауырым маған қалыңдығы өзін ұшақтан сүйреп алып шықпақ болғанын айтқанда жылап жібердім. Ол өзін алып кетуге тырысқан жарын қайта-қайта қуа берген. Дархан сүйіктісіне оқиға орнынан қашуын сұрап, өзі басқаларға көмектесуі керек екенін айтқан. Үндемеңдерші! Адам болып қалыңдаршы! Сендер аталмыш апаттың бір секундын да өткерген жоқсыңдар.

Сол рейске билет алғандарды ақымақ көретіндей жазасыңдар. Билет сатып алды да, мерт болды. "Ал мен тірімін" деудің қажеті жоқ. Сол қаралы ұшаққа отырғандардың туыстарына сәл де болса да жанашырлық танытыңыздаршы. Өздеріңізді құдай сақтап қалғаны жайлы мысқылдап сөйлегендеріңіз мүлдем орынсыз. Нағыз әртістер, айтарға сөзім жоқ. Мен сендер үшін ұяламын" , - деп жазған әнші.

Еске сала кетейік, 27 желтоқсан күні болған жантүршігерлік ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты.

Жолаушылары бар әуе кемесі ұша сала биіктікті жоғалтып, Алматы әуежайынының маңында құлады.

 

 




Көрілген: 1167    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.12.2019, 10:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29