Жұлдызды жаңалықтар

"Мендей ұлдың арманы жоқ": Ердос Қанаев асқар тау әкесін туған күнінмен ерекше құттықтады

  • "Мендей ұлдың арманы жоқ": Ердос Қанаев асқар тау әкесін туған күнінмен ерекше құттықтады


"Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаев асқар тау әкесін туған күнімен құттықтап, желіде арнайы жазба қалдырды. Жүрекжарды тілегін жазған әнші әкесіндей адамнан тәрбие алғанына мақтан ететінін айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


 

 

Фото: instagram.com/erdoskanaev

Фото: instagram.com/erdoskanaev


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте


Ердос әкесін туған күнімен құттықтап қана қоймай, Меккеге барғанда тыңдаған өсиетімен де бөліскен.


"Әссәләмуалейкүм жақсылар мен жайсаңдар. Бүгін асқар таудан да биік әкемнің дүние есігін ашқан күні. Пайғамбарымыз дүниеге келген айда сізде дүние есігін ашқан екенсіз. Алла өміріңізді ұзақ етсін әке.
Әрі сол жасқа сай ізгі амалдар нәсіп етсін. Сіздей әкенің қас-қабығын көрген, жаныңыздағы красавица Анашымның мейірімін көрген мендей ұлдың арманы жоқ.

Қажылық сапарында жүргенде Тоқтарбай ұстазымыздың мына бір өсиеті жанымда сақталып қалған екен:


”Үш нәрсеге қарап отырумен сауап жазыла береді екен. Соның біріншісі Қағба. Бұл Раббымның ең алғашқы әрі қасиетті үйі ғой деп Меккедегі Әл-Харам мешітіндегі Қағбаға құр қарап отырсаңыз сауап жазыла береді екен.

Екіншісі Құран. Кісі оны оқи алмасада бұл Кітап Раббымның сөзі ғой, шіркін-ай мен де бұл кітапты оқысам ғой деп бетіне қарасаңыз сауап жазыла береді екен. Үшіншісі Ата-ана!


Кімде-кім Раббым осы кісілерді маған ата-ана қылды. Мен Раббымның тағдырына ризамын деп, ата-анасының жүзіне мейіріммен күлімдеп, қуаныш сыйлаған күйде қараса сол кісіге сауап жазыла береді екен.


Жүз жасаңыз әке, жақсылығыңызбен ұрпағыңызбен мың жасаңыз. Алла екі дүниеңізді жақсылықтармен әсемдеп берсін. Алла маған сіздердің разылықтарыңызды алған әрі мені ұрпағымнан разы болған құлдарынан етсін. Сіздерде әкем үшін дұға-тілектеріңізді аямаңыздар ағайын", - деп жазған ол.

 


Желі қолданушылары эстрада жұлдызының әкесінің туған күнімен шын жүректен құттықтай жөнелген. Олар:


"Әкеңіз жүз жасасын", "Асқар тауыңыз аман болсын", "Ұқсайсыздар", "Туған күндеріңіз құтты болсын" деген тілектерін жаудырып жатыр.



 





Көрілген: 498    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.11.2019, 20:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30