Жұлдызды жаңалықтар

Омбыда сәбилерге Димаш есімі жиі қойыла бастады

  • Омбыда сәбилерге Димаш есімі жиі қойыла бастады

    Омбыда сәбилерге Димаш есімі жиі қойыла бастады

Ресейдің Омбы қаласында сәбилерге Димаш есімі жиі қойыла бастады. Мамандар есім қазақстандық әншінің құрметіне таңдалды деп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар — Sputnik. Омбы билігі 2019 жылы қалада сәбилерге қандай есімдер жиі қойылғанын айтты. Қала тұрғындары жиі таңдаған есімдер арасында Димаш та бар.

Баспасөз мәслихатында Омбыдағы бала туу көрсеткіші мен ең жиі қойылатын есімдер туралы айтылды, деп хабарлайды "СуперОмск" порталы.

"Омбы қаласының тұрғындары 2019 жылы балаларын негізінен Артем (523 бала), Софья (540 қыз) деп атады. Ең жиі қойылған ұл бала есімдерінің қатарына Александр, Максим, Михаил, Роман енді. Ал қыздарға Анна, Дарья, Мария, Полина деген ат жиі қойылған", -деді облыстың мемлекеттік-құқықтық басқарманың қызметкері Наталья Биляченко.

Сондай-ақ, мамандар тұрғындар таңдаған ерекше есімдер туралы да айтты.

"Қос есімдер ішінде Патрик-Павел, Аарон-Николай, Абдул-Карим, Дыль-Мухаммед, Мухаммад-Али, Сиена-Виктория, Мария-Елена, Биби-Омина, Тея-Полина, Елизавета-Аделина, Сафия-Хелин, Еркежан-Кульпаш және Ева-Мария бар. Қыздар мен ұлдарды шетелдік есімдермен де атаған: Сұлтан, Алмаз, Рафаэль, Мишель, Марсель, Леон, Ванесса, Мадлен, Димаш", - деді ол.

 

sputniknews.kz
 




Көрілген: 303    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.01.2020, 12:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30