Жұлдызды жаңалықтар

"Осыншама жақсы көремін деп ойламадым": Айжан Байзақова түсік жасатпағаны үшін қуанды

  • "Осыншама жақсы көремін деп ойламадым": Айжан Байзақова түсік жасатпағаны үшін қуанды



Атышулы Айжан Байзақова түсік жасамағанына қуанатынын айтып мақтанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.



Айжанның әлеуметтік желідегі парақшасында айтуынша, жүкті екенін өзі де білмеген. Алайда жүкті болғанын білгенде, есеңгіреп не істерін білмей қалған. Тіпті баланы өмірге әкелсем бе, әкелмесем бе деп ұзақ ойланған көрінеді. Ақыры соңында дұрыс дешім қабылдағанына өкінбейді ол.


«Жібек болмаса жүкті екенімді білмейтін едім. Тест алып, тексеріп көрдік, ойдағыдай екі сызық шықты. Сәуірдің 4-жұлдызы... Кішкентайыммен ең алғашқы таныстық осы кезде басталды. Есеңгіреген күйі жігітіме жаңалықты айттым. Тестінің суретін жіберген сәтте жігітім есік қақты. Қазір есіме түссе күлкім келеді. Бәрі тынышталып, менің жауабымды күтті. Ақыры соңында бұл баланы өмірге әкелемін деп шешім қабылдадым. Бірақ ешкімге айтпаймын, әсіресе ата-анам білмейтін болады, құрама штаттарға кетіп, тыныш босанып аламын деп ойладым», - дейді Айжан.


Бірақ баланың анасының айтуынша, жігіті екеуі бұл баланың өмірлерінде пайда болғанын ұзақ уақыт бойы жасырып келген. Және сол кезде жинақтаған тәжірибесі ендігі кезде жұмысқа тұрып кетуге де жеткілікті көрінеді. Ұлына деген аналық махаббаты оянған Айжан Байзақова істеген ісіне қуанатынын айтты.



«Бұл жайлы ешкім білген жоқ. Ал визаны құптамаған кезде, инстаграмда бұл жайлы жазу керек болды. Жігітім екеуіміз агент болып жұмыс істесек болады. Өйткені тығылудың барлық жолдарын үйреніп алдық. Көпшілік жерлерге бірге бармайтын болдық, демалыс күндері тамақты үйге тапсырыс береміз. Мен оның ұл болатынына сенімді болдым. Бірақ оны осыншалық жақсы көремін деп ойлаған емеспін. Дәл осылай болғанына жаратқанға алғысым шексіз. Дұрыс шешім қабылдағаныма қуанамын», - деп жазды Байзакова.


 



 

 




Көрілген: 864    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.05.2019, 19:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30