«Сатқындық жасады»: Тұңғышбай Жаманқұлов шәкірті Ерлан Біләлді неге кешіре алмай жүргінін айтты

«Сатқындық жасады»: Тұңғышбай Жаманқұлов шәкірті Ерлан Біләлді неге кешіре алмай жүргінін айтты

Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың өзіне сатқындық жасаған шәкірті Ерлан Біләлге деген өкпесі қара қазандай деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Аман Тасығанның “Алғашқы” деп аталатын бағдарламасына сілтеме жасап.

“Сізге сатқындық жасағандар көп. Солардың арасынан кімді кешіре алмай жүрсіз?” деген сауалға актер: “Менің үстімнен арыз жазып, қол қойғандар менің алдыма келіп кешірім сұрамаса да, “білмей қалдық” дегендер болды. Мен оған еш ренжімеймін. Сатып кеткен үлкендерді айтпай-ақ қояйын. Өзімнің шәкіртім Ерлан Біләлді кешіре алмай жүрмін.

Өйткені атышулы министрдің (Арыстанбек Мұхамедиұлы) айтқанын істеп, жігіттікке жатпайтын іс қылды. Мен ит те болса ұстаздың алдын кесуге болмайды деп есептеймін. Сондықтан оның сатқындығын кешіре алмаймын. Алдыма келіп кешірім сұраған жоқ. “Алдыңа келсе атаңның құнын кеш” дейді ғой. Солай болған жағдайда, қатып қалған қағида жоқ. Бірақ жүрекке сызат түсіру оңай дүние емес, жазылуы да қиын. Жүректің тыртығы мәңгі бақи сыздап тұрады.

Айта кетейік, 2017 жылы күзде ҚР Халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов киноға бөлінген 79 миллион қаражаттың 69 миллионын талан-таражға салды деп сотталған болатын. Сол кезде оның шәкірті саналатын Ерлан Біләл ұстазына қолдау білдірмей, сол үшін көпшіліктің сынына да ұшырағаны көптің есінде. 
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста